“Classic” бала бақшасы өміріңізді жақсы жаққа өзгертеді. Әр бір бала ілтипат пен қамқорлыққа алынады. Біз бала үшін алғашқы әлеуметтік тәжірбиенің қолайлы және нәтижелі болуына жағдайлар жасаймыз.
Балаларды тәрбилеудің негізі ойын арқылы жүргізілетін үш құрамдас бөліктен: білім беру, шығармашылық және спорттан тұрады. Толығымен жабдықталған топтар уақытылы демалыспен алмастыра отырып, біздің әдісіміз мен бағдарламаларымыз бойынша балаға білім беру мен тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Балалардың біздің бала бақшамызда өткізетін уақытында біз балалардың қабілеттілігіне мұқят қарап, оның мейлі гуманитарлы, мейлі нақты ғылымға, не болмаса спорт пен шығармашылық жолға бағытталсын дарындылығына қарай оларды дамытады.
Ойын мен серіктеуге арналған жақсы аймақ «Скиф» атты балалар ойын аландарын жасап шығаратын ең үздік ресей өндірушілерінің аландарымен жабдықаталды. Балалардың спорттық дамуы денсаулыққа маңызды болғаныдықтан, біз спортқа ерекше көңіл бөлеміз, сол себепті, біз, екі бассейн – жаздық және қыстық, кіші және үлкен екі спортзал, табиғи көгалдандырылған футболдық алаң саламыз. Бассейн, каратэ, гимнастика, шахмат, логопед, психолог сабақтарына қатысу төлем бағасына кіреді. Сонымен қатар, бронх демекпісі мен пневмонияны емдеу және алдын алу мақсатында тұз үңгірін саламыз. Ол созылмалы синусит, ренит және лор ауруларымен күресте көмекші, тері аурулары, тұмау, сонымен қоса, жүйке жүйесінің ауруларын алдын алуға септігін тигізеді.
Тамақтану біздің жүйемізде маңызды рөл атқарады, барлық азық – түліктер тек «Metro» супермаркеті желісінде, ет және ет өнімдері тек ЖШС «Беккер», нан – тоқаш өнімдері тек ЖШС «Ақсай нан» ғана сатып алынады. Біздің бала бақшамыз азық – түлік өнімдерін «Базардан» және лицензиясыз орындардар сатып алмайды .
Қортынды ретінде, балаларының бастапқы тәрбиесін үйлесімділікте, жайлылықта, қамқорлық пен кәсібилікте өткізгісі келетін ата – аналарды «Классик» бала бақшасы бұл бағытта ең үздік бала бақша екендігіне нандырамыз. Біз Сіздерді күтеміз!

Құрметті, ата-аналар!

«CLASSIC» балабақшасы 2,10 жас пен 7 жас аралығындағы балаларды шақырады. Сіздерді тәжірибелі, қамқор тәрбиешілер мен білікті мамандар күтуде. Сіздің сәбиіңіздің өздігінен жұмыс жасауына, көпшіл, белсенді болуына, қызығушылығына, ойлай білетіндігіне, шығармашылық қабілеттілігін дамытуға тәрбиешілер қамқорлық жасайды
Біз міндетті түрде оқу процесінде әрбір баланың мәдени, тіл және тарихи ерекшеліктерді ескере отырып, олардың жеке мүмкіншіліктерін және баланың қабілеттілігін дамытуды еске аламыз. Білім берудің негізгі үлгісі: қазіргі заман әдістерімен дамыту сабағы, дидактикалық ойындар, ойындарды қабылдау.

Күн тәртібіне сәйкес тәрбиеленушілер 5 рет тамақтандырылады:
– Таңертеңгілік ас
– Жемісті таңертеңгілік ас
– Түскі ас
– Бесінді ас
– Кешкі ас.

Балабақша тыныш, керемет ауданда орналасқан. Біздің балабақша кең, қажетті құралдармен жабдықталған бөлмелерден тұрады. Ғимараттың бала ойынына қажетті құралдармен жабдықталған ойын алаңы және жеке спорт залы бар. Бұлар баланың көңіл-күйін жақсартады және үздік дамуына әсер етеді.

Жастары бойынша мынадай топ құрастырылған.
– Сәбилер тобы «TODDLERS 1» – 3-4 жас
– Сәбилер тобы «TODDLERS 2» – 3-4 жас
– Ортаңғы топ «NURSERY» – 4-5 жас
– Ересектер тобы «FOUNDATION 1» – 5-6 жас
– Ересектер тобы «FOUNDATION 2» – 5-6 жас
– Мектепалды дайындық тобы «RECEPTION» – 6-7 жас

Балабақшаның жұмыс істеу кестесі:
«CLASSIC» балабақшасы таңғы сағат 8.00 –ден кешкі сағат 19.00 –ге дейін аптасына 5 күн жұмыс атқарады, кешкі сағат 19.00-ден кейін (сағат 21.00-ден кеш емес) бала кезекші топтың қарауында болады, бұл қосымша ақыны құрайды.