«CLASSIC» балабақшасында тілді дамыту әдісі қолданылады. Бұл Канада, Финляндия, Испания тағы басқа елдердің оқыту әдіснамасынан жинақталған әдістері мен тәсілдерінен құралған, жинақталған, сұрыпталған әдіс болып табылады. Бала оқытуда біз жаңа қолданбалы әдістерді (М.Монтессори, Зайцев, Петерсон, Никитина, STEP BY STEP және тағы басқа) қолданамыз. Тәрбиеленушілерді жеке тұлға ретінде қарастырып оқытуда олардың жеке қабілеттігінің артуына, ойлау жүйесінің жүйелі дамуына ықпал жасай отырып, бойындағы қызығушылыққа, сезімталдыққа қамқоршы ретінде жұмыс атқарады.
Тілді дамыту әдісі бұл кеңінен таралған әйгілі, нәтижелі екі тілді оқыту тәсілі болып табылады. Ғылыми түрде, әдіснамалық жүйеде дәлелденген, оқытылған әдң\іс болып табылады.
2001 жылдан бері Таллиндік университетте жүргізіліп жатқан зертеу бойынша, осы әдіс бойынша оқытылған балабақша түлегі мынадай дәрежеге жеткен:
– Мектепке жақсы даярланған
– Тілді жақсы түрде меңгерген
– Әлеуметтік өмірдің заңдылығына бейім тәрбиеленген.

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ

Балабақшада оқыту үрдісі төмендегідей бағдарламамен сәйкес оқытылады.
– «Зерек бала» (3 жастан 5 жасқа дейін)
– «Біз мектепке барамыз» (5 жастан 6 жасқа дейін)
– Мектепке даярлық (5 жастан 7 жасқа дейін)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылады.

Количество занятий непосредственно основной образовательной деятельности и элективных курсов не превышает допустимый объем недельной нагрузки для дошкольного возраста согласно государственному общеобязательному стандарту дошкольного воспитания и обучения.
Занятия проводят в виде подвижных игр умеренной интенсивности.
Между занятиями воспитатели и помощники воспитателей проводят физкультурные минутки длительностью 1,5 – 2 минуты.

ОҚЫТУ ІСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Негізгі оқыту сабағы.
Мектепке дейінгі балаларды оқыту сабағы бес бағытта оқытылады: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»?
Элективті курстар.
Балабақшада екі түрлі элективті курстар жүргізіледі.
Математиканы оқытуда және логиканы дамытуда бағытталған пәндік курс «Математика+логика»
Ағылшын тілінің курсы «English Kids».

Біздің балабақшада оқыту бағдарламасына сәйкес қазақ тілі оқытылады. Оқу іс-әрекеті барысында сұрақ-жауап, ойын, сөйлесу, әңгімелесу әдістері қолданылады. Тақырыпқа сай көрнекі құралдар ретінде демонстрациялық материалдар, үлестірмелі суреттер ұсынылып отырады.

Музыка пәні музыка жетекшісімен бірге аптасына 2 рет жүргізіледі. Сабақта сәбиіңіз ән айтып, би билеп, музыканың сүйемелдеуімен ойындар ойнайды.

Біздің балабақшада баланың ойын, денесін дамытуда әр түрлі үйірмелер жүргізіледі.

Қосымша үйірмелер:
– «Drama»
– «Хореография»
– «Гимнастика (қыздар үшін)»
– «Каратэ» (ұлдар үшін)
– «English Club»
– «Жүзу»
– «Математика» (сәбилер үшін)
– «Учимся читать с пеленок» (сәбилер үшін)